26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мәжiлiс депутаттары Қарағанды халқына бiр күндiк еңбекақысын аударады

Ел іші
Жарнама

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында депутат Төлеген Ыбыраев тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетiп, бiр күндiк жалақыны аудару туралы ұсыныс жасады. Ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды BNews.kz.

Депутат су апатынан зардап шеккен халыққа жұрт болып жұмылып көмек көрсету керектігін айтып, осы орайда Елбасының арнайы тапсырмасы бойынша кең көлемде жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Соңғы 10-15 күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарынан, таныс жолдастардан елiмiздiң бiраз өңiрiнде күннiң күрт жылуынан қар ерiп, көп жылдық мөлшерден асып, қар аралас жаңбырдан өзен, көл, тоғандар кенеттен толып, ауыл, қала тұрғындарының өмiрiне қауiп төндiрiп, тұрмыстарына орны толмас зиян келiп жатқанын естiп, көпшiлiгiмiз жанашырлық бiлдiрiп, қобалжып жүрмiз. Үкімет тарапынан болатын қомақты қолдау әлi де көрсетiлерi сөзсiз» дедi Т.Ыбыраев.

«Төтенше жағдай кезiнде тұрмысына ауырлық түсiп, зардапқа ұшыраған отбасыларға жәрдемдесу, дер кезiнде қол ұшын беру, ел болып, жұрт болып көмек беру – ата-салтымыз, әдеп-ғұрпымыз. Қара жамылып, қайғы басқан қазалы отбасыларға шын жүректен көңiл айтамыз. Көппен көтерген жүк жеңiл дегендей, құрметтi әрiптестер, табиғаттың тосыннан шыққан жойқын күшiнiң салдарынан көмекке зәру болған жандар үшiн қолдау ретiнде сiздердi Мәжiлiстегi «Нұр отан» партиясы фракциясының атынан бiр күндiк табыстарыңызды зардап шеккен жанұяларға арналған қорға бөлулерiңiздi сұраймын», - дедi халық қалаулысы. 

Ол сөз соңында осы ұсыныстың әрiптестерi тарапынан бiрауыздан қолдау табатынына сенiм бiлдiрдi. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: