- 2016 жылдың 30 тамызында қажылардың алғашқы легі Шымкент-Мадина бағыты бойынша ұшады;
- ұшу кестесіне сәйкес, жерлестеріміз 31 тамызда (Астана-Мадина), 1 қыркүйекте (Алматы-Мадина, Шымкент-Жидда), 2 қыркүйекте (Алматы-Жидда), 3 қыркүйекте (Алматы-Жидда), 4 қыркүйекте (Алматы-Жидда) қажылыққа аттанады;
- бекітілген ұшу кестесі бойынша, қажыларымыз 17 қыркүйекте (Жидда-Алматы, Жидда-Астана), 18 қыркүйекте (Жидда-Шымкент, Мадина-Алматы), 19 қыркүйекте (Мадина-Алматы, Мадина-Шымкент), 20 қыркүйекте (Мадина-Алматы), 21 қыркүйекте (Мадина-Алматы), 22 қыркүйекте (Мадина-Алматы) елге оралады.
- отандастарымыз еліміздің ірі 3 қаласынан, атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент шаһарынан тікелей рейспен ұшады. Ұшу ұзақтығы – 5 сағат 30 минут;
- қажылық маусымында ұйымдастыру-қадағалау жұмыстарын ҚМДБ Қажылық Миссиясы жүзеге асырады. Қажылық Миссиясын ҚМДБ Қажылық бөлімі басқарады;
- ҚМДБ Қажылық Миссиясының құрамында 55 лауазымды қызметкерлер бар. Олар – мүфтият қызметкерлері, дәрігерлер, журналистер, уағызшылар, қажылық компания жетекшілері мен олардың өкілдері.
- қажылық маусымы кезінде Қажылық Миссиясына қарасты уағыз-насихат және пәтуа бөлімі, дәрігерлер тобы, журналистер тобы тұрақты қызмет етеді;
- қажылыққа өтініш білдірген азаматтар еліміз бойынша мешіттердің жанынан ашылған Қажылық оқыту-орталықтарынан негізгі діни білім алды. Оқыту курсына қатысқан азаматтарға қажылық рәсімдері теория әрі тәжірибе тұрғысынан түсіндірілді;
- ҚМДБ 2016 жылы тұңғыш рет туристік фирмалар арасында ашық Конкурс жариялады. Конкурс комиссиясының шешімімен қызмет сапасы халықаралық талапқа сай деп танылған 10 туристік фирма қажыларға қызмет көрсетеді;
- 2016 жылы елімізден 3000 мұсылман қажылық парызын өтейді.
ҚМДБ Баспасөз бөлімі