30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қазақстандық өнертапқыш екі сағатта араб тілін үйретеді

Ел іші
Жарнама

Қазақстандық жас өнертапқыш Нұрсұлтан Асқарбекұлы араб тілін екі сағат ішінде үйрететін ерекше мобильді қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды E-Islam.kz порталы.

Joode деп аталатын қосымшада – қолданушы 9 интерактивті сабақты өту арқылы араб әліпбиіндегі 28 әріптің барлығының аталу, оқылу және жазылу ерекшеліктерін үйрене алады.

Жоба авторы Нұрсұлтан Асқарбекұлының айтуынша, араб алфавитін толық үйреніп алу үшін орта есеппен екі сағат жеткілікті екенін айтады.

Эдинбург университетін тәмамдаған Нұрсұлтан таяу уақытта әрбір интерактивті сабақты өз дауысымен сүйемелдеуді жоспарлайды.

Ал жас өнертапқыштың ендігі мақсаты – Құран оқуды үйрететін қосымша жасау.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: