Астанада бірнеше діни басылым экстремистік деп танылды. Сот шешімі бойынша, «Лайықты жауаптар», «Орталық Азия мен Қазақстанның масихшілік тарихы» атты бірқатар кітаптарды енді ел аумағына кіргізуге және таратуға тиым салынады, деп хабарлайды 24.kz хабарлайды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, бұл басылымдар еліміздегі жеке баспаларда шығарылған. Елімізде таратылатын кез-келген діни әдебиет арнайы сараптамадан өтеді. Мазмұны сараланып, бағыты анықталады. Жыл басынан бері мамандар күдік тудырған алты басылымға зерттеу жүргізді. Нәтижесінде бұл кітаптар экстремистік деп танылды. Бүгін Астана қаласының Сарыарқа ауданының әкімдігі түрлі дін ағымдары өкілдерінің басын қосып, «жарамсыз» деп танылған басылымдардың тізімімен таныстырды.
Мамандар жеке кітапханаңызда «Лайықты жауаптар», «Орталық Азия мен Қазақстанның масихшілік тарихы», «Орталық азия мен Қазақстандағы христиан дінінің тарихы» атты кітаптар болса, оны тезірек жоюды кеңес етеді. Өйткені, тыйым салынған басылымдарды ел аумағына кіргізіп таратқан азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тергеу нәтижесінде анықталғандай, бұл басылымдар жеке баспаларда шығарылған. Сондықтан нақты тиражы белгісіз. Ал Астанада тәркіленген кітаптардың барлығы жойылды.
ummet.kz-ақпарат