26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сирия аспақ болған қазақстандық 40 азамат райынан қайтты

Ел іші
Жарнама

Сириядағы қарулы қақтығыс аймақтарына баруды көздеген Қазақстанның қырыққа жуық азаматы райларынан қайтқан.

NewTimes.kz ақпараттық агенттігі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдемесіне сүйеніп осындай ақпарат таратты, деп жазады E-Islam.kz.

Аталмыш агенттіктің жолдаған сауалына комитет тарапы құзыретті мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, теологтар мен саясаткерлер мұсылман қауымына дәстүрлі діни нормалар туралы, сондай-ақ діни теріс ағымдар туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғанын мәлім етті.

«Биыл осы түсіндіру және алдын алу жұмыстары барысында террористік ұйымдардың қарулы соғыстарына қатысуды жоспарлаған республикамыздың қырықтан аса азаматы райынан қайтты» деген комитет өкілдері қазіргі уақытта антитеррорлық түсінікті халыққа жеткізу жұмыстары жалғасын тауып жатқанын айтты. «Сириядағы экстремистердің Қазақстанға келу фактілері тіркелмеді» делінген ресми мәлімдемеде..

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: