26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Вице-министр Түркия мүфтиімен кездесті

Ел іші
Жарнама

Кеше Астанамызға Түркия мемлекет басшысы Реджеп Тайып Ердоған бастаған түрік телегациясы келіп, бірқатар маңызды басқосулар өткізілген еді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов Түркия Республикасының Дін істері басқармасының Төрағасы, профессор Мехмет Гормезбен кездесіп, ресми басқосу екіжақты рухани әңгімеге ұласты.

Тараптар кездесу барысында дін саласындағы қызмет пен дін мәселелері турасында пікір алмасып, бұл бағыттағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.

Ислам дініндегі ақида мен мәзһаб мәселесінде екі елдің ұстанымының ұқсас екенін айта келе Түрік мүфтиі осы тұрғыда бірнеше ұсыныстарды ортаға салды:

" Қазақстанның президентімен бір кездесуімде ол кісі маған қазақстандық имамдардың білімін көтеруге қолдау білдіруімді аманат еткен еді. Бүгін имамдарға Түркияда білім алуға жол ашылып отырса, ол сол аманатқа деген адалдықтан туған еді.  Бүгінде қос елдің саяси-экономикалық байланыстары нығайды. Енді осы тұста рухани-мәдени байланыстарымызды арттыру жайы туындады. Себебі бұл байланыс болмаса екі ел арасындағы ынтымақтастық тұрақты болмауы мүмкін" деп ой түйді.  Мехмед мырза қазақ топырағынан шыққан түркі әлемі үшін есімі ардақты Қожа Ахмед Яссауи сынды дін ғұламаларының алдында қарыздар екендіктерін де айтып, құрмет көрсетті.

Түрік дінбасының шынайы ықыласына ризашылық білдірген вице-министр Марат Әзілханов мәртебелі мейманды Астанада өтетін Дәстүрлі дін лидерлерінің V съезінің құрметті қонағы болуға шақырды: "Сіз айтулы съезде Елбасымыздың жанынан табылатын  15 кісіден тұратын кеңестің мүшесісіз. Біздің төрімізде отыруға әбден лайықсыз" деген лебізін де білдіріп өтті.

Кездесу қорытындысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды тереңдете түсуге ниеттестік білдірілді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: