30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

М.Құл-Мұхаммед: Елбасы – бес парызды орындаған нағыз мұсылман

Ел іші
Жарнама

Ақтөбе облысында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жастар ұйымының мүшелері, имамдар және зиялы қауым өкілдерімен кездескен болатын.

Ақтөбеге шұғыл іс-сапармен келген «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары имамдармен кездесуінде Елбасының барлық парызды орындаған нағыз мұсылман екенін атады.

«Президентіміз мұсылмандық парызын түгелімен орындаған адам. Меккеге де, Мединеге де барған. Әл Харамның қақпасын жылына бір рет ашқызып кіріп, мұсылмандық парызын орындаған кісі. Құранды да біледі. Өз ата-бабасының басына барған кезде имамның айтқанына жүгініп отырмай, соңында өзі қалып Фатиханы да, Ықыласты да, Иасинді де оқығанын мен өз көзіммен көрдім» деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Елбасының атынан елдегі жағдайды бақылап, қаза болғандарға көңіл айтуға келген Мұхтар Абрарұлы азалы үйден еңсесі езіліп шыққанын айтып берді.

«Қасіретті оқиғалардың орын алуы біздің сай-сүйегімізді сырқыратып отыр. Қаншама бала жетім қалды. Жаңа ғана күйеуінен айрылып, аңырап жылап отырған әйелді көрген кезде Бердекең екеуміз кірерге жер таппадық. Дәл өзіміздің бауырымыз соларды өлтіріп кеткендей қайта-қайта кешірім сұрап, жұбату сөзін айттық. Он жасар баласы әкесін іздеп жылаған кезде сай-сүйегіміз сырқырады. Шынын айту керек, қара жердің асты болса, соған кіріп кете жаздадық» деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. 

 

Muftyat.kz

Бөлісу: