30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дін істері комитеті: Ақтөбедегі оқиға – дінге жағылған жала

Ел іші
Жарнама

Ақтөбеде ү.ж. 5 маусымда жазықсыз адамдардың өлімімен аяқталған зорлық әрекеттер барлық қазақстандықтардың жүрегінде ауыр із қалдырды.

 Біз қайтыс болғандардың жақындары мен отбасыларының терең қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Бұл қылмыстарды жасаған тұлғалар елде бейбіт өмір сүріп жатқан халықты қорқыту, бейбітшілік пен келісімді бұзу, сондай-ақ қоғамымызға қорқыныш пен бүлікті енгізуді көздеді. 

Кезекті рет дін атын жамылған лаңкестер өздерінің шынайы бейнесін көрсетті. Мұндай адамдар өздерін «дін қорғаушылары» деп атағанымен, іс жүзінде олар шынайы ислам құндылықтарынан алыс. Олардың осындай әрекеттерді барлық мұсылмандар үшін қасиетті болып табылатын Рамазан айының алдында жасауының өзі бұған дәлел.  

Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы лаңкестердің бұл әрекеттерін айыптап, азаматтарымызды елде бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырды.

Біздің елде мұндай құбылыстарға жетелейтін діни алғышарттар жоқ. Дегенмен халықаралық лаңкестіктің идеологтары ұзақ жылдар бойы біздің азаматтарымызды өз ықпалдарына тартуға тырысып келеді.

Қазақстанда мемлекет тарапынан адамдарға діни сенім бостандығын еркін жүзеге асыруы үшін барлық жағдай жасалған. Елімізде мұсылмандардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған 2,5 мыңнан астам мешіт жұмыс істейді. Бүгін еліміздің мұсылман қауымы өзге дін өкілдерімен бірге бәрімізге ортақ болашақты – бейбіт және гүлденген Қазақстанды жасауға ат салысуда.     

Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті радикалды жалған діни ағымдар өкілдерінің қылмыстық әрекеттерін түбегейлі айыптайды.

Біз азаматтарымызды діни радикалдардың қандай да бір арандатуларына берілмеуге, сабырлылық пен ұстамдылыққа шақырамыз.

Тиісті құқық қорғау және арнайы қызмет органдары жағдайды жіті зерттейді және кінәлілер тиісті лайықты жазасын алатын болады.

Мемлекеттік органдар осындай қылмыстарға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдауда. 

ҚР МСМ Дін істері комитеті

Бөлісу: