07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Наиб мүфти ауыл жамағатымен жүздесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы іссапармен Жезқазған қаласына барды.

 Сапар аясында наиб мүфти Жаңарқа ауданына қарасты Жайрем кентінде орналасқан мешітте болып, ақшам намазында ауыл жамағатымен кездесті.

Наиб мүфти Н.Тағанұлы егеменді еліміздің бүгінгі жетістіктерімен қатар, діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан рухани саладағы оң істерге тоқталды. Сондай-ақ, мұсылман үшін ең үлкен құндылық исламды дұрыс танудың маңыздылығын атап кетті. Әсіресе, бірлік пен ынтымақтың арқасында үлкен белесті еңсеруге боларын айтып, уағыз-насихат барысында жамағаттың ішкі тұтастығы артқанда ғана, рухани кемелдікке жететіндігін баса жеткізді.

Бірлік жайын тұщымды түсіндірген наиб мүфти Н.Тағанұлына ауыл жамағаты ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: