07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Көкшетаудағы тарихи мешітке жаңа атау берілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Көкше төріндегі тарихи мешітке діни қайраткер тұлға есімі берілді, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Тарих мешіт бір ғасыр бұрын патша заманы тұсында өңірдегі асыл дінімізді насихаттау үшін салынған. Ал дінге тұсау салынған Кеңестік кезеңде мешіт ғимараты көрме залына айналдырылған болатын. Тоқсаныншы жылдардың басында бұл ғимараттың мешітке қайтарылуына қазақ елінде қазият төрағасы қызметін атқарып, кейін Көкшетау қаласының бас имамы болған Жақия қажы Бейсембайұлының сіңірген еңбегі зор.

Бүгін тарихи әділдік салтанат құрып, бір ғасырлық тарихы бар мешітке Жақия қажының есімі берілді. Игі шара ҚМДБ-ының Ақмола облысындағы өкіл  имамы Қанат Қыдырминнің Құран оқуымен бастау алды.

Алғашқы сөз еліміздің мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласындағы  «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Оразға берілді. Наиб мүфти өз сөзінде қасиетті дініміздің асыл құндылықтары жайында тағылымды әңгіме қозғады.

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның бір хадисінде: «Дін адамдары, ғалымдар пайғамбарлардың мирас балалары еді» делінеді. Шынында, Науан хазірет сияқты ұлық тұлғалар дүниеге келген қасиетті Көкше өңіріндегі асыл дініміздің алтын арқау ошағы болған бір ғасырлық тарихы бар мешітке Жақия қажының есімі берілуі айтулы оқиға» деп атап көрсетті наиб мүфти.

Айтулы шара биылғы «Дін және тарих тағылымы» жылына орай,  дін жолында еңбек еткен тарихи тұлғаларды дәріптеу, дініміздің абыройын асқақтату мақсатында өтіп отыр. Салтанатты шарада Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты Нартай Ысқақов, Жақия қажының немере інісі, профессор Жолмырза Керейбайұлы, Жақия қажының жұбайы Айтжамал Нұрғалиқызы мен өзге де қонақтар жүрекжарды тілектерін айтты.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: