28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ақтөбе әкімі Арман Қуанышбаевты марапаттады

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) еліміздің барлық өңірлерінде дін насихатын қарқынды түрде жүргізіп келеді. Осындай ауқымды жоспармен Ақтөбеге келген белгілі исламтанушы Арман Қуанышбаевқа өңір халқымен қатар, облыс әкімі де ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін айтты.

РАНТ жиынына арнайы қатысқан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Діни басқарманың жұмысына оң бағасын беріп, Арман Қуанышбаевқа «Алғыс хат» табыстады. Өз сөзінде облыс басшысы дін өкілдерінің қызметіне сәттілік тілеп, көпшілікті ұйымшылдыққа шақырды.

«Өңірімізге арнайы келіп, біраз іс-шаралар өткізгені үшін Арман Қуанышбаевқа үлкен рахмет айтамыз. Тағы да қайталап айтатыным, құрметті жерлестер, ағайындар, біз бір-бірімізді әрдайым қолдап, бірлікте, ынтымақта болсақ, жаман болмаймыз. Кешегі Наурызда, одан да өзге мерекелерде қалай біріксек,  әр уақытта солай ынтымақта болуымыз керек. Сондықтан, Арман, елдің руханиятын көтеруге үлес қосып жүргенің үшін саған үлкен рахмет. Жұмысыңа табыс тілейміз. Осылай елді аралап, дінімізді дұрыс жеткізу жолында жүрсең, нәтижесі де жақсы болады. Әр уақытта аманшылықта, жақсылықта кездесейік» деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: