28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен кездесті

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымның докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековпен кездесті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Ержан қажы Малғажыұлы кездесу барысында ел руханиятында өткен жылы атқарылған ауқымды шаралар мен игі жобаларды баяндап, 2016 жылғы жұмыс жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар, діни білім саласындағы реформалар, дін мен дәстүр жылы, имамдар форумы, форумда қабылданған құжаттар жайына тоқталып өтті.

«2016 жылды – «Дін және тарих тағылымы» деп жарияладық. Мақсатымыз – қазақ тарихындағы ислам дінінің рөлі, тарихи тұлғаларымыздың ерен еңбегі мен өнегелі өмірін ұрпаққа насихаттау» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков мүфтияттың сауапты һәм салауатты шараларына алғысын айтып, «Дін мен дәстүр» идеясы – көптен бері көктен сұрап, жерден таба алмай келе жатқан мәселе еді. Бұл бастамаларыңызды қос қолдап құптаймын» деп, тілекстетігін білдірді.

 ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: