Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары аясында 22 мұсылман мемлекеттері бас мүфтилерінің қатысуымен құрылған әлемдік пәтуа шығару Жоғарғы Кеңесінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Мысыр мүфтиі мәртебелі меймандарға Жоғарғы Кеңестің жұмысымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.
Айта кетейік, сапар барысында Ержан қажы Малғажыұлының ұсынысымен қазақстандық теолог-ғалымдар Мысырдағы пәтуа шығару Жоғарғы Кеңесінде тәжірибе алмасу курсынан өтіп, пәтуа беру тәсілдерін үйреніп, білімдерін жетілдіріп қайтатын болды.
ummet.kz-ақпарат