28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти: Пәтуаны «кездейсоқ ғалымдар» бермеуі тиіс

Ел іші
Жарнама

Мысыр астанасында мұсылман елдеріндегі пәтуа шығару құрылымдарының дін басшыларының заманауи-шариғи шешімдерді шығару мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті. Әлемдік басқосуға мұсылман мемлекеттерінің бас мүфтилері қатарында Мысыр мүфтиі Шауқи Алламның шақыруымен ҚМДБ төрағасы, бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бас мүфти өз баяндамасында қазіргі кезде діни мәселелерге пәтуа беруде «кездейсоқ ғалымдардың» көбейгеніне алаңдаушылық білдірді. «Біз, мұсылман үмбетінің мүфтилері ондай «ғалымдардың» пәтуаларына жол бермеуіміз керек. Соңғы уақытта бір мәселеге қатысты әрқилы пәтуа беру жағдайлары көрініс беруде. Сондай-ақ лаңкестердің іс-әрекеттерін ақтайтын пәтуалар да шығуда. Бұл – Ислам дініне жасалған қиянат, ашық шектен шығу»деді Ержан қажы Малғажыұлы халықаралық форум мінберінде.

Конференция барысында пәтуа шығару бойынша оқып-үйрену, тәжірибе алмасу академиясын құру, білікті мамандардан құралған пәтуа білгірлерін басқа елдерге шығарып, түйткілді мәселелердің шешімін көрсету, Ислам туралы теріс пікірлерді түзету, ағарту шараларын ұйымдастыру, ондаған тілде шығатын ортақ пәтуа сайтын құру сияқты мәселелер талқыланды.

Конференцияға араб елдерімен қоса, Африка, Азия және Еуропадан, барлығы 22 мемлекеттен келген мүфтилер мен шариғат білгірлері қатысты. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: