07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» республикалық конференциясы басталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университетінде «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.

Діни білім беруді жетілдіруге арналған конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы, Дін істері комитетінің жетекші мамандары, медреселердің директорлары, діни сауат ашу курстарының ұстаздары, т.б. дінтанушы-ғалымдар қатысуда.

Конференцияда медреселерді колледж деңгейіне көтеру, діни білім беруді жетілдіру, имамдардың біліктілігін арттыру, жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру, т.б. мәселелер талқыланып жатыр.

Конференция соңында  «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» атты тұңғыш рет тарихи құжат қабылданады деп жоспарланған.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: