07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Экстремизмге қарсы ортақ құжат қабылданды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана имамдарына арналған «Зайырлы қоғам: мемлекеттік конфессиялық қатынастар» атты семинары аясында Дін істері басқармасының басшысы Төлеген Закарьянов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ортақ меморандумға қол қойды.

Аталмыш құжатта көрсетілгендей, ИШИМ лаңкестік ұйымын теріске шығарып, оған жетекшілік еткен Әбу Бәкір Бағдадиге қарсы үкім шығарған әлемнің 126 дін ғалымының хатын негізге ала отырып мешіт имамдары мен дін істері басқармасы бірлесе жұмыс жүргізетін болады.

Айта кетсек, бүгін қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған семинарды ҚР Президенітінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Қарин мен «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті ректорының кеңесшісі, танымал дінтанушы Мұхитдин Исаұлы жүргізуде. Мамандар меморандумға сәйкес екікүндік семинар дәрісінде дін төңірегіндегі түйткілді тақырыптарды зайырлы қоғам қағидаттарына сай шешу жолдарын баяндайды.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: