07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Алматыда Орта Азия ғұламаларының халықаралық форумы басталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматы қаласында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен «Келісім мен жасампаздық – Орта Азиядағы Исламның дәстүрлі негізі» тақырып аясында халықаралық форум басталды, деп хабарлады Muftyat.kz.

Тұңғыш рет өтіп жатқан форум жұмысына Тәжікстан Республикасының бас мүфтиі, шейх Саидмукаррам Абдулкодирзода бастаған делегация мүшелері, Қырғызстанның бас мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамушов, ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ қызметкерлері, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары, теолог-ғалымдар, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысуда.

Аталмыш форумда террорризм мен экстремизмді болдырмаудың жолдары, Орталық Азияда дәстүрлі діни мектепті қалыптастыру, Орталық Азия ғұламаларының еңбегін қайта басып шығару, жастарға адамгершілік құндылықтарын насихаттау, оларға дұрыс діни ақпараттарды жеткізу, т.б. тақырып төңірегінде пікір алмасулар болмақ.

Орталық Азия біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру, қоғамның тыныштығы мен бірлігін нығайту, барша мұсылманды орта жолды ұстануға үндеу, дін атын жамылып, дінді озбырлық әрекеттер мен саяси және жеке мүдделер үшін пайдалануды көздейтіндерге ілеспеуге шақыру мақсатында ұйымдастырылған форум соңында арнайы қарар қабылданып, үндеу жарияланады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: