29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Елордадағы Балалар үйіне сый жасалды (ФОТО)

Елордадағы Балалар үйіне сый жасалды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

18 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасы және ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығындағы» тәрбиеленуші жеткіншектерге сый жасалды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бүгінгі қасиетті жұма Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығындағы» тәрбиеленуші жеткіншектер үшін тағы бір жарқын естелігімен есте қалатын болды. Үнемі өздерін ұмытпай, түрлі ойыншықтарымен, тәтті тамақтар мен себет толы жемістерімен келіп, мейірімге толы сәттер сыйлайтын аға-әпкелерін олар жақсы танысып, тіпті кейбірі жақынырақ танысып та алған. 

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасы және ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен бұл жолғы зиярат барысында да балдырғандарға түрлі ойыншықтар мен зейін дамытуға арналған құралдар тарту етіліп, жүздеріне қуаныш сыйлап қайтты. Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған имамдар ұжымы мен Дін істері басқармасының қызметкерлері қамкөңіл балаларға мейлінше мейірім шуағын төгіп, жаңа ойыншықтарымен бірге танысып, уақыттарын көңілді өткізуге тырысты. Сауапты шараға Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов та қатысып, орталықтағы балалардың жай-күйімен танысып қайтты.

bala1

bala1

bala1

bala1

bala1

bala1

bala1

Бөлісу: