27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Президент жолдауы талқыланды

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Президент жолдауы талқыланды

Ел іші
Жарнама

3 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше «Әзірет Сұлтан» республикалық мешітінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына орай республикалық алқалы отырыс өтті.

Жиында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Президент Жолдауындағы айтылған басты мәселелер бойынша жұмыс жоспары талқыланып, қызметкерлер ұсынысы тыңдалды, деп жариялады республикалық мешіттің баспасөз қызметі.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов жаңа Жолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысының жолдауындағы ауқымды әрі күрделі шаруаларға белсене үлес қосуға шақырды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Жолдауындағы «ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ» бөлімінде айтылған асыл қасиеттерді ұлт бойына сіңіріп, еліміздің әр азаматы білімді де еңбекқор, әділет сүйгіш, темірдей тәртіпті, ұқыпты да адал болып өсуіне ерекше еңбек сіңіру керектігі айтылды.

Бөлісу: