29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

ҰБТ: Түлектер үшін қандай жеңілдіктер енгізілді?

ҰБТ: Түлектер үшін қандай жеңілдіктер енгізілді?

Ел іші
Жарнама

15 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тест тапсыруға 132 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Эпидемия кезінде қашықтан оқуға көшкен мектеп түлектері үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар жеңілдік енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығының сайтында әр пән бойынша дайындық тестілерінің 70 бірегей нұсқасы тегін орналастырылды;

Қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік бітіру емтихандары өткізілмеді, ал аттестаттар жылдық бағалар негізінде берілді;

Мектеп бітірушілері IV тоқсанда өткен материалды қайталап, бекітеді, сондықтан ҰБТ-да 11 сыныптағы соңғы тоқсанның сұрақтары болмайды;

ҰБТ тапсыру барысында калькулятор қолдануға рұқсат етілді, олар үстелдерде тұрады. Бірақ талапкер өзі қалаған құрылғыны өзімен бірге әкеле алмайды. Калькулятор ҰБТ тапсыру орындарында ғана беріледі.

Тестілеу уақыты 4 сағатқа ұзартылды.

Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылардың саны 12%-ға артқан. Өтініштер алғаш рет онлайн қабылданды.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның шекті балы белгіленді. Сондай-ақ академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талап күшейтілді, яғни оқуға түсу үшін шекті бал 70-ке дейін көтерілді.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыру қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы айтқан еді.

Атап айтқанда, ҰБТ-ға қатысу үшін кіру кезінде бет-әлпетін тану Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады. Жылда берілген қағаз сертификаттың орнына биыл ҰБТ электронды сертификаты және білім беру грантын тағайындау кезіндегі электронды куәлік енгізілді. Сондай-ақ, халықаралық тестілердің балдарын ҰБТ ұпайына аудару шкаласы енгізілген. Сондықтан мұндай халықаралық сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ тапсырудан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына осы ауысқан балдары арқылы қатыса алады.

Бөлісу: