29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ ораза айтқа арналған онлайн бағдарлама ұсынады

ҚМДБ ораза айтқа арналған онлайн бағдарлама ұсынады

Ел іші
Жарнама

23 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алла қаласа, ертең Ораза айт басталады. Мұсылман қауымының айрықша мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихаттық онлайн шара ұсынады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Ораза айт – ұлық мереке» деп аталатын тікелей эфир таңғы сағат 7:00-де Діни басқарманың youtube және инстаграм парақшалары арқылы көрсетіле бастайды. Алдымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтайды. Одан әрі Дихан Қамзабекұлы, Әлихан Байменов т.б ел ағалары мерекелік лебізін білдіреді.

Насихаттық онлайн шара барысында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы айттың шығу тарихына тоқталса, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы айттың шариғаттағы орны жайлы ой қозғайды. ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Карантин жағдайында айт мерекесін қалай өткізуі керек?» деген сұраққа толыққанды жауап береді.

ҚМДБ еліміздегі карантин жағдайына байланысты биылғы Ораза айт намазы мешіттерде жамағатпен өткізілмейтінін хабарлап, арнайы мәлімдеме жариялаған болатын. Ханафи мәзһабы бойынша айт намазын үйде жеке оқу дұрыс емес. Сондықтын Діни басқарма мәлімдемесіне сай, Ораза айт күні әркім өз үйінде дұха намазын оқиды. Осыған орай тікелей эфир барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов дұха намазының оқылу үлгісін көрсетеді.

Сондай-ақ шара барысында «Рамазандағы мұң», «Қош бол, Рамазан» т.б роликтер көрсетіледі.

aitmeiram1

Бөлісу: