29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Халал Даму: Нұр-Сұлтан қаласында тексеріс басталды

Халал Даму: Нұр-Сұлтан қаласында тексеріс басталды

Ел іші
Жарнама

16 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, ветеринар ісінің маманы Данияр Сафиев және технолог Еркетаң Мақсұтова «Алтын қазық» қасапханасы мен «Столичная Трапеза» шұжық цехында кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Тексеріс барысында кәсіпорындарында «ҚМДБ халал» стандарты талаптарының сақталуы, шариғатқа сай өнім өндіруі басты назарға алынды.

Қазіргі таңда күрделі мәселеге айналған ет өнімдерінің шариғат және халал стандарт талаптарына сай өндірілуі – мал сою орындарына қойылатын басты талап.

Осы кезекте, «Алтын қазық» қасапханасында мал бауыздаудан бастап, ет өңдеу процессінің барлық кезеңінде «Мал сою және ет өңдеу» стандартының толықтай сақталуы қадағаланды. Қасапхана тазалығы да назардан тыс қалмады. Бекітілген тәртіп пен талаптың халал стандартқа сай жүзеге асатындығына көз жеткізілді. Бақылау-қадағалау жұмыстарынан кейін, Айбек Асқарбекұлы мен Данияр Сафиев қасапшылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Шариғатқа сай мал союдың маңыздылығы» жөнінде семинар өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинар соңын түйіндеген Айбек Асқарбекұлы:

«Еліміздегі ірілі-ұсақты бірқатар қасапханалар мен ет дүкендерінде кездесетін өрескел қателіктер көп. Халал стандарты бойынша сертификатталмаса да, қателігі мен кемшілігі көп мәселелер бізді бейжай қалдырмайды. Көпшілік қасапханаларда малдың шариғатқа сай сойылмауы, жауыздықпен қиынап өлтірілуі, халал ет өнімдерінің харам өнімдермен бірге сақталуы, сатылым кезінде де доңыз етімен бір сөреге қатар қоюы бізді ғана емес, тұтынушыларды да алаңдатуда. Біз, діни басқарма ретінде еліміздегі мұсылмандар ғана емес, халал өнімді тұтынушыларға адал ас ұсынуға жауапты мекеме болғандықтан, хат қоржынымызға осы мәселелер жөнінде көптеген өтініштер келіп түсуде. Қолымыздан келгенше, өтініш білдірген қасапханалар мен ет дүкендерінді халал стандартына сәйкестендіріп жатырмыз. Сол себепті, сіздердің жұмыстарыңыз біз үшін, тұтынушылар үшін маңызды» - деп еліміздегі біраз қасапханалар мен ет дүкендері халал стандартқа сай сертификаттауды қажет ететіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, «Столичная трапеза» шұжық цехында жүргізілген тексеріс барысында «Халал өнімдерді өңдеу, өндіру, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын стандарт талаптарының» толықтай ережеге сай жүзеге асатындығы анықталды. 

Жоғарыда аталған барлық мекемелерде жүргізілген тексеріс жұмыстары қорытындысы оң нәтижені көрсетті.

halal1

halal1

halal1

Бөлісу: