29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді - Президент

Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді - Президент

Ел іші
Жарнама

11 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн. Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді. Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі»,- деді Мемлекет басшысы.

Президент көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек екенін де ескертті. Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды.

Бөлісу: