1 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҚМДБ-ның «Зекет» қоры көмек сұрау турасындағы өтініштерді онлайн түрде қабылдауда. Электронды құжатты қордың ресми zeket.online сайты арқылы толытыра аласыз, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Көмекке мұқтаж болған адам сайтқа кіріп, анкета толтырады. Берілген деректер қор базасында сақталып, пайдаланушы кезек тізіміне енгізіледі.
Онлайн өтінішті қиын жағдайға тап болған кез-келген өңір тұрғыны жібере алады. Кейін қабылданған өтініштер сараланып, жіберушінің мекен-жайына қарай «Зекет» қорының өңірдегі өкілдеріне жіберіледі. Көмек тізімге сәйкес көрсетілетіні ескертіледі.
Сондай-ақ «Зекет» қоры тек шын мәнінде қиын жағдайда қалған жандардың өтініш жіберуін сұрайды.