02
Сенбі,
Қараша

һижри

Мұқтаж жандарға мотивация берді (ФОТО)

Мұқтаж жандарға мотивация берді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

27 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің «Рухани жастар» қанаты мен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына орай «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой» атты қайырымдылық шарасы және семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Шараның мақсаты – «Балық берме, қармақ бер» демекші, жұмыссыздық тауқыметін тартып, қайырымдылыққа мұқтаж болған жандарға материалдық көмек көрсетумен бірге, жұмысқа орналасып, табыс табудың көзін көрсету.
«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен семинар-тренингте ең бірінші болып сөз алған наиб имам Ерболат Жүсіпов дін исламда еңбек ету, маңдай термен нәпақы табудың өзі құлшылық екенін айта келіп:

–Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының ішінен бір жігітті іздейді. Сөйтіп әлгі жігіттің үйінен шықпай, таңнан кешке дейін тек қана құлшылық жасап жатқанынан хабар алады. Содан ардақты Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

–Оның бала-шағасына кім қарап отыр? – деп сұрағанда, жанындағы сахабалар: «Ағасы қарасып отыр» деп жауап береді.

Сол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

–Онда ол жігітке айта барыңдар, ағасы оған қараған көп құлшылық етіп жатыр екен, - деп еңбек етудің маңызын түсіндірді.

hazret1

Біздің Хәкім Абай атамыз да бірнеше қара сөздерінде ең ету, мал табу туралы көп айтқан. Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, «Есектің артын жусаң да, мал тап!» деген сөзі бір ғасыр бұрын айтылса да, күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ, - деді.

hazret3

Ал Абайдың сөздерін ағылшынша үйрететін әдістеменің авторы, «Qazaq English» орталығының директоры Ернат Мелсұлы Хәкімнің қара сөзінде келетін «Толық адам» ұғымын бүгінгі тілмен баяндап, оған жетудің төрт жолын айтып өтті.

–Қазір дүниежүзінде неше түрлі сыннан өткен, тәжірибесі мол, көптеген жетістікке жеткен бай кәсіпкер, миллионерлер, мотиваторлар бар. Солардың бәрінің айтып жүрген жетістікке жетудің 4 жолы бар. Олар: рухани даму, интеллектуалды даму, яғни, біліміңді жетілдіру, физикалық даму – спортпен шұғылданып, денсаулығыңды күту және материалдық даму – тура мағынасында ақшаңның көп болуы. Енді осылардың ішінде адам рухани дамып, ақылды болып, дені сау жүрсе де, қалтасында қаражаты болмаса, оның тіленші болып кетуі оп-оңай. Тіпті ол ғалым адам болып, кітап жазса оны шығарту үшін демеуші іздеп кетеді. Сөйтіп бай біреуге кіріптар болады. Сол себепті жетістікке жетіп, Абайша айтқанда «толық адам» болудың осындай төрт қағидасы бар. Ал данышпан Абай бұл төртеуін қалай түсіндіріп еді? Рухани дамуды жылы жүрек, интеллектуалды дамуды нұрлы ақыл, физикалық мүмкіндігін шыңдауды ыстық қайрат десе, материалдық дамуды «Адам бол, мал тап!» деп түсіндірді, - дейді Е.Мелсұлы.

hazret5

Бұдан кейін шағын ғана кәсіп иесі Балжан Медетова сөз сөйлеп, Хәкім Абайдың «Еңбек етсең, ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген өсиетін жадында тоқығанын жеткізді. «Еңбек – ептілікті сүйеді» деген ұстанымдағы кәсіпкер өзінің шағын бизнеске қалай келгенін түсіндіріп, жиналған көпшілікке қарекет түбі – берекет болатынын тағы бір мәрте түсіндірді.

hazret6

hazret7

Бөлісу: