28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» сахналанады

Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» сахналанады

Ел іші
Жарнама

18 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада «Жастар театры» 18-19 желтоқсан күндері жазушы О.Бөкейдің «Қар қызы» драмасының премьерасын көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды Елорда инфоға сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер - Нұрқанат Жақыпбайдың сахналауындағы бұл қойылым өзіндік реңі, ерекше қолтаңбасы, жаңаша көзқарасы арқылы шешім таппақ.

«Қазақ әдебиетінің кербұғысы Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесін оқымаған адам кемде-кем шығар.

Қыс ортасында мал азығы таусылып шарасыз күн кешкен ауылдың үш азаматы ақ қар, көк мұзда шөп әкелуге жолға шығады. Қары қалың алтайдың жон тауларында тоңып, үсіп өлуге шақ қалған жолаушылардың өмір үшін арпалысы, сынақ сағатындағы пендешілік пен жан пидалық әрекеті көрермен қауымның көкірегіне жол салмақ», делінген хабарламада.

Жастар жылында Нұр-Сұлтан қалалық Жастар театрының репертуар қоржыны халық іздеп көретін, аңсап келетін жаңа отандық жаңа драмамен толысты.

Бөлісу: