29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Министр: Форум мүфтият пен имам мәртебесін көтеруге ықпал етеді

Министр: Форум мүфтият пен имам мәртебесін көтеруге ықпал етеді

Ел іші
Жарнама

24 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ІІІ республикалық имамдар форумында баяндама жасаған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл жиын Діни басқарманың беделін көтеруге, имамдардың мәртебесін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілішісі.

«Бүгінгі форумда қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы атты құжат – халқымыздың ұлттық рухани мұрасы мен құндылығын жаңғыртып, бұқараға кеңінен насихаттауға арналған. Сонымен бірге, форумда «Діни лауазымдар тізілімі», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер реті», «Діни лауазымдардың қызметтік міндеттемелері» атты құжаттар қабылданды. Бұл ауқымды құжаттар – діни саладағы өзекті мәселелерді шешуге, мұсылман үмбетінің рухани сұраныстарын қанағаттандыруға, Діни басқарманың беделін көтеруге, жұмысын жүйелеуге, имамдарымыздың мәртебесін күшейтуге оң ықпал етеді деп санаймыз», – деп атап өтті Дәурен Әскербекұлы.

 

Бөлісу: