Бүгін елордасы Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының V мәжілісі басталды.
Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Заде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин Холикназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов, дін ғалымдары, имамдар, БАҚ өкілдері қатысуда.
Мәжілісте «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» құжаты мен «Фиқһ мектебінің пәтуа беруге қатысты» ережесі құжаты қабылданбақ.
Сонымен қатар, бүгін «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.