02
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев "Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске түзетулер енгізу" туралы заңға қол қойды. Құжат қоғамдық орындарда ішімдік ішкен, былапыт сөз қолданғандарды әкімшілік жазаға тартуды қарастырады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясы үкіметі жалпы білім жүйесіне жаңа ереже енгізді: енді қасиетті Құран Кәрім сабағы барлық үкіметтік және жеке мектептер үшін міндетті пән болады.

Түркияның Эдирне провинциясындағы Селиме мешіті ЮНЕСКО шешімімен әлемдік мұралар тізіміне енген. Осының арқасында бүгінде мешітті өз көзімен көруге ынтық туристер легі де көбейген.

Бүгінгі күнге дейін көпшілік оқырман әртүрлі өрт пен қызыл жалын ішінен Құран Кәрім кітаптарының дін аман қалғаны туралы естіп, біліп келеді. Дәл осындай оқиға 16 қаңтар күні Үндістанның Хайдарабал қаласында орын алды.