27
Дүйсенбі,
Қаңтар

һижри

Дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті

Дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Елордадағы Республикалық бас мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Жиында сөз сөйлеген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы семинар-тренингтің маңызына тоқталып, дәріс оқыған лекторларға алғысын білдірді.

Мүфтият қызметкерлері мен облыс бас имамдары қатысқан семинарда белгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы «Алаш қайраткерлері» тақырыбында, ал журналист, «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының бас редакторы Серікбол Хасан фактчекинг жөнінде дәріс оқып, ақпарат саласына қатысты маңызды мәселелерге кеңінен тоқталып өтті.

Бөлісу: