Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Заң жобасы терроризм және экстермизм, қару-жарақ айналымы мен миграциялық реттеу саласы бойынша іс жүзіндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.
Заң жобасын даярлаушылар атап өткендей, оны қабылдау мемлекеттік органдардың, экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ететін ұйымдар қызметінің нәтижелілігін артырады. Заңды қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді.
Айта кетейік, заң жобасын талқылауға қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, мешіт пен шіркеу өкілдері қатысты.
ummet.kz-ақпарат