Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Халал өнiмдерін стандарттау» бөлiмi ашылып, осы уақытқа дейін біраз қажетті жұмыстармен айналысты.
Діни басқарманың бақылауында жұмыс жасап жатқан 50-ге тарта кәсіпорындар халал сертификатына ие болған. Қазіргі қоғамда жамағаттың діни сауаттылығы артты. Бұның бір белгісі – халық жеп жатқан астарына аса көңіл бөлуде. Бұл туралы «Асыл арна» телеарнасы «Арнайы репортаж» бағдарламасында Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы халал өнiмдерін стандарттау бөлiмiнiң меңгерушiсi, «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбiт Мырзагелдиев айтты.
{youtube}YuOqpTqhlyw{/youtube}