Алматы қаласында «Дін мен тарих тағлымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды E-Islam.kz.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасында» өткен жиында дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттауды күшейту мүмкіндіктері талқыланды.
ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дөңгелек үстел отырысында ел мұсылмандарының міндеті мен жастармен жұмыс жүргізу мәселесіне назар аудартты.
«Біз жастармен жүргізілетін жұмыстарға ден қоюымыз қажет. Орта Азиядағы діндер арасында ынтымақтастық бар, мұны қазақстандықтар дұрыс түсінуі ләзім. Олар адамдарды сенімге бөліп, алаламауы керек. Себебі, ислам ең алдымен біреуді өзгеден үстем ету үшін емес, рухани дамуға негізделген дін» деді жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Маямеров.
Бас мүфти өз сөзінде Қазақстан мұсылмандары елдегі тұрақтылыққа сына қағушыларға қарсы күш біріктіруі керектігін атап айтты.
ummet.kz-ақпарат