31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қыздар арасындағы Құран жарысы аяқталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Алматы қаласында «Нұр-Мүбарак» университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «I Республикалық қыздар арасындағы Құран жарысы» мәресіне жетті.

Сайысқа Құранның 1,2,3,5,10  параларын жаттаған әр жастағы қарилар қатысқан болатын. Қатысушылардың Құранды жаттауы, Құран оқу ережелерін сақтауы, аяттардың тәпсірін меңгеруі, сүрелердің аудармасын білуі сынды қабілеттерін қазылар алқасы жан-жақты саралап, әділ бағасын берді.

Еліміздің әр аймағынан келген 160 қаридың  35-і ақтық сынға шығып, әділқазылар соңғы кезеңге олардың 21-ін іріктеп шығарды.

Тұңғыш рет өткізілген жарыстың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Айгерім Анарқұл жүлделі І орынды иеленді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оған 450 мың теңгенің сертификатын салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ, әділқазылар алқасының шешімімен Айша Ілеспек (Астана) қариға екінші орын бұйырып, 370 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық алды. Ал, ІІІ орынға лайық болған Гүлзар Тұрғанжан қариға («Нұр-Мүбарак» университеті) 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық қариларға қаржылай сыйлық берілді.

Игі шарада бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлделі орындарға қаржылай қолдау көрсеткен дін жанашырларына, ұйымдастыру алқасының мүшелеріне ізгі ниетін жеткізіп, алғыс хатпен марапаттады.

Сайыс соңында бас мүфти мұндай игі істер алдағы уақытта республикалық деңгейде дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарда бар екенін айтып, қыздарға арналған қарилар орталығын ашу да жоспарланып отырғанын жеткізді.

 

 


ummet.kzқпарат

Бөлісу: