07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Әлемнің әрі – әйелде (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана қаласы, Есіл аудандық әкімдігінде «Әйел – отбасы шамшырағы» атты әйелдер қауымына арналған шара өтті.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, Астана қаласы Дін істер жөніндегі басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының бірлесуімен өткен шарада әйелдердің бүгінгі қоғамдағы, отбасындағы және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі  орны мен мақсат-міндеттері тақырып өзегіне айналды.

ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы әйелдің дініміздегі орны мен мәртебесіне Құран және хадистер аясында тоқталды.  Сонымен қатар, жат ағымның арбауына іліккен кейбір қазақ қыздарының жалған «жиһад» ұранымен соғыс оты өшпеген Сирияға кетіп, соңы қандай өкініш туғызып отырғанын да дәйекті деректермен жеткізді. «Дінмен ұштасып, салт-дәстүрге сіңісіп кеткен байырғы қазақ болмысындағы әйел тәрбиесіне оралу – қоғамдағы жат қылықтар мен теріс пиғылды сенімдерге де тосқауыл жасаудың бірден-бір жолы» деп атап өтті наиб мүфти Н.Тағанұлы.

Маңызды мәжілісте белгілі коғам қайраткері Асанғазы Оразкүл ұлт тәрбиесіндегі қазақ қызының болмысы, ұлттың ертеңі болған балалардың тәлімі жайында мазмұнды сөз қозғап, көпшілікке ой сала кетті. Қонақтар мен мешіттерден келген әйел жамағаты тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейкесті сауалдарына жауап алмасты. Шарада «Жыныстық жихад» деген бәзбір дінбұзарлардың құрған айласына түсіп, ақырында бармақ тістеген қыз балалардың жағдайын суреттейтін «Тірі тауар» атты деректі фильм көрсетілді.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: