Қымбатты қазақстандықтар!
Біз, Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдері, барлық қазақстандықтарды жарық пен жылулықтың, табиғаттың жаңаруымен бірге келетін көктем мезгілінің, күн мен түннің теңесуінің және шығыс күнтізбесіндегі Жаңа жылдың рәмізі болып табылатын Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елімізде Наурыз мерекесін тойлау Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қайта өрлеген ізгі дәстүрге айналды.
Табиғат мейірім төгетін осындай жаймашуақ күндерде Қазақстан халқы және оның әрбір азаматы өзінің бүкіл болмысы мен жан-жүрегімен өз Отанының ажырамас бөлігі болып табылатынын, туған жері мен ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастығы үзілмей келе жатқан ата-бабаларынан қалған қасиетті дәстүрлермен бөлінбес байланыста екенін сезініп, оның қазіргісі мен болашағына деген жауапкершілігін терең түйсінеді.
Наурызға қатысты осындай ерекше қастерлі қатынас еліміздің азаматтарының өзінің көне де ұлы тарихына, бай мәдениетіне және ата-бабалар мұрасына деген терең құрметін білдіреді.
Бұл бір мезгілде біздің халқымыздың өткен даму жолындағы өз басына түскен қатал сынақтар мен теперіштерге қарамастан рухани-адамгершілік құндылықтарды үнемі жоғары ұстағанын көрсетеді.
Осы күндері қазақстандықтар мұқтаж адамдарға көмек қолын созу, реніштерін кешіру және бір-біріне жақсылықтар тілеу арқылы өздерінің ұлттық, тілдік және діни ұстанымдарының өзгешеліктеріне қарамастан ұйымдаса отырып өз үйлері мен көшелерін тазартады, ағаш отырғызып, бұлақ көздерін ашады.
Әз Наурыз бізге әлемде орын алып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып көптеген ұлттар мен дін өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп отырған еліміздегі ауызбіршілік пен үйлесімділікті бағалауға мүмкіндік береді.
Біз бүкіл Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз және біздің Отанымыздың барлық азаматтарына амандық, бақыт және жетістіктер тілейміз!
Еліміздің аспаны бар кезде ашық болып, жеріміз бейбітшілік мекені болсын!
Отанымыздың әрбір шаңырағында амандық, молшылық пен тоқшылық орнап, барлық армандар орындала берсін!
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ
18 наурыз 2016 ж.