Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Ерджан қажы Малғажыұлының қатысуымен Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға мейрімділік танытайық» акциясы аясында жүзге жуық балаға түрлі сыйлықтар тарту етіліп, мекемеге теледидар берілді.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы балаларға ізгі тілегін білдіре келе, еліміздегі барлық мешіттерде осындай игі істердің атқарылып жатқанын жеткізді.
«Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның бір мүшесі. Оларға қайырымдылық жасап, мейірімділік таныту әрбір мұсылманның міндеті. Мүмкіндігі шектеулі балалар қамқор болып, қиындық пен сынаққа мойымаған ата-аналар мен мекеме басшылығына алғысымды айтамын» деді Ержан қажы Малғажыұлы.
ummet.kz-ақпарат