29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

2016 жыл – «Дін және тарих тағылымы жылы»

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялады. Бұл туралы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада өткен жиналыста мәлімдеді, деп жазады Muftyat.kz.

«Бұл бастама аясында ата-бабамыздан қалған асыл жауһарларды қайта жаңғыртудың орайлы сәті туып отыр. Әлем кітапханаларының сирек қорларында шаң басып жатқан ескі кітаптарды жарыққа шығарып, халықтың игілігіне ұсыну бүгінгі ұрпақтың абыройлы міндеті деп санаймын. Осындай ізгі ниеттің нәтижесінде Діни басқарманың ғалымдары «Дәстүрлі Ислам жауһарлары» атты кітап дайындады. Алла қаласа, жуырда тұсауы кесіледі. Сонымен қатар, тарихи діни оқу орындары туралы деректі фильмдер де түсіріледі» деп атап өтті бас мүфти.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: