28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти «Үшқоңыр» мешітінің ашылу салтанатына қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылында сәні мен сәулеті жарасқан мешіт ашылды. Құлшылық үйінің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бас мүфти халықты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, игі тілегін айтты.

«Біз әрдайым мешіттеріміздің ғибадат орны ғана емес, сондай-ақ діни-рухани орталыққа да айналуын мұрат етеміз. Құдайға құлшылық ету үйінің шаңырақ көтеруіне демеушілік жасаған үлкен жүректі, игі тілекті абзал азаматтарға алғыс білдіремін. Пайғамбарымыз (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім Алланың разылығын қалап мешіт тұрғызса, Алла Тағала оған жәннатта сондай үй тұрғызады» деген. Игі іске үн қосқан әрбір азаматтарға Жаратқанның нұры жауғай, өздеріне зор денсаулық, жасап жатқан іс-амалдарына Алла Тағаланың береке-бірлігі болсын» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

2015 жылы іргетасы қаланған құлшылық үйінің сыйымдылығы – 400 адам. Толықтай жылыту, су жүйесімен қамтамасыз етілген. Мешіттің бас имамы болып Арман Оразұлы тағайындалды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: