28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің отырысы болып өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Астана қаласында ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің Х отырысы болып өтті. ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының төрағалығымен өткен Кеңес отырысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, қазіргі кезде шариғи үкімі қажеттілік туындатып отырған жайттарға пәтуа шығарылды.

Сондай-ақ, ҚМДБ даярлаған бірқатар діни кітаптар мазмұны қаралып, кеңес мүшелерінің пікірлері тыңдалды. Солардың қатарында «Дәстүрлі ислам жауһарлары» хрестоматиясы Кеңес мүшелерінің мақұлдауынан өтіп, баспаға ұсынылды. Сондай-ақ, «Жаназа» кітабы мен «Дін мен дәстүр» кітабының екінші томдығы да талқылға салынды.

Білікті мамандар бас қосқан отырыс барысында «Жыныстық мүшені ауыстыру» мен «Азаматтық некенің» шариғи үкімі шығарылды. Аталмыш пәтуалар алдағы уақытта діни Басқармаға қарасты сайт беттерінде жарияланатын болады.

Кеңес мүшелерінің отырысында келер жылы талқыланатын пәтуалар тақырыбы бекітіліп, жоспарлар түзілді. Отырыс соңында Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Мұхан Исаханның тарихшы Рашид Оразов бірлесе шығарған кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті.


 

Muftyat.kz

Бөлісу: