07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Елбасы елді қайырымдылыққа үндеді

Ел іші
Жарнама

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарна өкілдеріне берген бейресми сұхбаты барысында бақуатты ел азаматтарын қайырымдылық шараларымен айналысуға шақырды, деп жазады «E-islam»  порталы.

«Естеріңізде болса, Қытай Халық Республикасы «Жібек жолы адамы» сыйлығын тағайындап, бұл атақ маған берілген еді. Оның жақсы ақшасы, сыйақысы да болды. Мен бұл қаржыны екіге бөліп, бір бөлігін - қайырымдылық қорына, екіншісін - қазақ тілін дамытуға бердім. Мен қайырымдылық қорына берген 300 мың доллар балаларды емдеуге септігін тигізді. Шынымды айтсам, мен өз-өзіме риза болдым. Яғни, осы жерде емделе алмаған балалар шетелден ота жасатты. Бұл балалардың бүгінде дені сау» деді Елбасы.

Осы ретте Елбасы еліміздің бақуатты адамдарын қайырымдылықпен айналысуға үндеді. «Яғни, бақуатты адамдар бұл іспен белсенді айналысуы және Қазақстан мұндай адамдарды білуі тиіс. Меценаттар мәдениетті қолдап, таланттарды ынталандырса, кедейлерге көмектесе, аурулардың емлеуіне қолұшын берсе, сол дұрыс қоғам болмақ. Біз соған келе жатырмыз» деді Н.Назарбаев. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: