07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти: Жастардың рухын оятуда діннің орны ерекше (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, философия және тарих ғылымының докторы Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бас мүфти кездесуде жастардың діни сауаттылығын арттыру, оларды теріс пиғылды ағымдардан қорғау және Діни басқарманың осы бағыттағы жұмыстары жайында баяндап берді.

«Жастардың рухани санасын оятуда діннің орны ерекше. Алайда, жастардың діни сауаттылығын арттыруда бірінші кезекте дәстүрлі діни мектебімізден ақпарат беру қажет. Өйткені діннің ішкі және сыртқы мазмұнына үңілместен бұрыс түсінуі мүмкін. Ислам діні адамзат баласын тазалыққа, талапты болуға шақыратын ғылым-білім діні. Қазіргі қоғамымызда жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында еліміздегі әр мешітте сауат ашу курсы, медреселеріміз және ақпарат құралдарымыз жұмыс жасауда» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Діни басқарманың қолдауымен қажылық парызын өтеп қайтқан  философ ғалым Өмірзақ Озғанбаев өз ретінде ҚМДБ төрағасына алғысын білдірді.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: