Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезекті ІX мәжілісі басталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Мәжілісте ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы бүгінгі қоғамның пәтуа шығаруды талап ететін маңызды мәселелеріне қатысты ұсыныстарды тыңдады. Ғұламалар қозғаған діни өзекті мәселелер қатарында құрсақ ана болудың шариғаттағы үкімі мен балаларға зорлық-зомбылыққа жасауға (педофилия) қатысты пәтуа шығарды.
Үш күнге жоспарланған Ғұламалар кеңесінің кезекті жиынына ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Шамшәдин Керім, исламтанушы ғалымдар Мұхитдин Исаұлы мен Алау Әділбаев және өзге де дін мамандары қатысуда.
ummet.kz-ақпарат