31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылар үш қаладан тікелей тасымалданады

Ел іші
Жарнама

Қазақстан қажылары республиканың үш қаласынан тікелей тасымалданады. Бұл туралы Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Алматыда өткен Төралқа мәжілісінде мәлімдеді, деп жазады Muftyat.kz.

Наиб мүфти биыл діни басқарма тарапынан қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында алғаш рет ашық конкурс жарияланғанын атап өтті. Оның айтуынша, конкурстың алғашқы талабынан бұрын қажылықпен айналысып келген 20 компанияның жартысы ғана шықты. Сауд Арабия Корольдігі (САК) Қажылық министрлігі мен Діни басқарма үдесінен шықпаған 10 компания ірі фирмалармен біріккен.

Наиб мүфти С.Сатыбалдыұлы Ресейде 20 мың қажыға небары 9 туристік фирма қызмет ететінін тілге тиек етті. «Ал біздің елде 4-5 мың адамға 20 компания қызмет көрсетіп келді. Тіпті, осыған дейін 50-70 адамды қажылыққа апарған, қызмет сапасы ҚМДБ талабына сай келмеген фирмалар да болды. Ашық конкурсты жариялаудағы негізгі мақсат – қажылық сапарының сапасы мен қызметін жақсарту, жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету, осы салада кемінде 5 жыл қызмет еткен тәжірибесі мол компанияларды іріктеу, ірілендіру, қажылық маусымындағы ұйымдастыру жұмыстарын оңтайландыру» деді Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы С.Ораз.

Діни басқарманың елімізде қажылық мәдениетін қалыптастыру бағытындағыжұмыстары жайында баяндаған наиб мүфтиосы жылы Қазақстан қажылары үш қаладан, атап айтқанда, Астана, Алматы және Шымкенттен тасымалданатынын мәлімдеді.

«Қажыларымыз осы негізгі ірі қалаларымыздан ұшады. САК Қажылық министрлігінің қажылық сапарын ұйымдастыруға енгізген жаңа ережесіне сәйкес, өткен жылдан бастап ашылған тікелей рейс отандастарымызды Мәдина, Жидда қалаларына 5 сағат 30 минутта жеткізді» деді наиб мүфти С.Ораз.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: