31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ғұламалар кеңесінің ХІІ отырысы басталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесінің ХІІ отырысы басталды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Бас мүфти төрағалығымен өткен отырысқа ҚМДБ төраға орынбасарлары Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, Кеңес хатшысы, ғылым докторы Ершат Оңғаров, Алматы қаласының Ббас имамы Нұрбек Есмағанбет, исламтанушы ғалымдар  Сансызбай Шоқанов, Мұхитдин Исаұлы, Алау Әділбаев, Әбсаттар Сманов, Смайыл Сейітбеков, Батыржан Мансұров, Сәбит Ибадуллаев, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы, т.б. теологтар қатысуда.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиын басында Ғұламалар кеңесінің жұмысына тоқталып, осы уақытқа дейін қабылданған пәтуалардың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде Ғұламалар кеңесі өзінің қызметінде Құран Кәрімді, пайғамбар хадисін, сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа мәзһабын, елімізде қабылданған заң нормаларын басшылыққа ала отырып, діни мәселелер төңірегінде пәтуалар қабылдап, маңызды жұмыс атқарып келеді. Кеңес жұмысының еліміздегі діннің, руханияттың дамуы мен болашағы үшін маңызы өте зор. Өйткені, Ғұламалар кеңесінің қоғамдағы орны мен рөлі ерекше көрініс тапты» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ ғалымдары ХІІ отырыста «Діни қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы», «Діни қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасы» құжаттарын талқылап, «Тағамның құрамындағы эмульгатордың үкімі» пәтуасы туралы пікір алмасуда.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: