31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Діни басқарма делегациясы – Анкара мүфтилігінде (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы делегациясы Түркиядағы сапар барысында Анкара мүфтилігінде болды, деп хабарлайды, Muftyat.kz.

Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев бастаған діни басқарманың бөлім басшылары Анкара мүфтилігіндегі діни қызметпен танысты.

Бүгінгі таңда тек Анкара қаласының өзінде 3 мыңға жуық мешіт қызмет етеді екен. Анкара мүфтилігі сол мешіттердің жұмысын бақылайды. Ғылыми дәрежесі бар имамдар ғана Бас имам қызметіне тағайындалады екен.

«Біз осы сапар барысында өзімізге көп тәжірибе алдық. Тәжірибе алмасу мақсатында келген сапарымыз жемісті болды. Бауырлас елден алған тәжірибемізді өз елімізде жүзеге асыратын боламыз» деп атап өтті Ғылымбек Жәдігерұлы.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: