31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ делегациясы діни басылымдар дирекциясында тәжірибе алмасты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы сапары барысында Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев Дін істері министрлігі Діни басылымдар дирекциясының бас директоры Жүніс Ахкаяның қабылдауында болды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бас директор Жүніс Ахкая қазақстандық делегацияға ведомстваға қарасты төрт департаменттің жұмысымен таныстырып өтті.

«ХХІ ғасыр – ақпарат заманы. Бүгінгі заман талабын ескеріп, мерзімді, мерзімсіз басылымдарды шығарып, электронды ақпарат құралдарының, атап айтқанда, телерадионың мүмкіндігін көбірек пайдаланып жатырмыз. 24 сағат қызмет ететін діни телеарна ашуға қол жеткіздік. Телеарна арқылы қоғамды тәрбиелеуге болатынын сіздер жақсы білесіздер» деді Жүніс Ахкая.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда дирекцияда 450 адам қызмет етеді. Әр тілде шыққан кітаптардың арасында Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі де бар екен. 

Өз кезегінде ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев Діни басқарма жанынан ашылған «Хикмет» телерадиостудиясының жұмысы мен діни кеңістік алаңындағы орнын атап өтті. Сонымен қатар, екіжақты ортақ меморандум негізінде ислам құндылықтарын тәулік бойына насихаттап келе жатқан «Асыл арна» телеарнасына назар аудартты.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: