07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Дін мен дәстүр» үшінші кітабы жарық көрді (фото)

«Дін мен дәстүр» үшінші кітабы жарық көрді (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында «Дін мен дәстүр» кітабының үшінші томы таныстырылды.

«Біз бүгін Мүфтилер алқасында «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» қарарын қабылдап, арнайы құжатқа қол қойдық. Жуырда ғана «Дін мен дәстүр» кітабының үшінші томын шығардық. Бұл бастамалар асыл дініміз бен дәстүріміздің сабақтастығын паш ету жолындағы іргелі істің бірі болмақ.

Еңбекте асыл дініміз ислам мен ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыстық ғұрпында қалыптасқан салт-дәстүрлеріміз жан-жақты қамтылды. Жаңа кітабымыз құтты болсын! Оқырманы мол болғай. Еңбектің шығуына атсалысқан авторларға Алла разы болсын айтамын» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, «MUFTIYAT» жарық көрген кітаптың танытым рәсіміне ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин Холикназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров арнайы қатысты. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

Бөлісу: