С: Намаз оқыған уақытта дененің жабық болуы міндетті ме?
Ж: Намаз оқыған уақытта дененің жабылуы – намаздың шарттары мен парыздарына жатады. Ешбір кісі көрмейтін жерде жалғыз болғанда да жалаңаш халде намаз оқу дұрыс емес.
С: Ер адамның қай жері әурет болып саналады?
Ж: Еркектің әуреті – кіндіктің астынан тізенің астына дейін, басқа жерлері әурет емес.
С: Әйел адамның қай жері әурет?
Ж: Азат әйел болса, екі алақаны, екі аяғының тобығынан төмен жері және жүзінен басқа барлық ағзасы – әурет.
С: Әурет жердің қанша бөлігі ашылса, намаз оқуға болмайды және намазда қанша бөлігі ашылып қалса, намазды бұзады?
Ж: Әуреттің төрттен бірі ашылса, намаз оқу дұрыс емес. Намаз үстінде де төрттен бірі ашылып қалса, намазы бұзылады.
С: Бір әурет дегенді қалай түсінеміз?
Ж: Мысалы, бір сан – өзі жеке бір әурет, жамбас – бір әурет, тізе – бір әурет, т.с.с.
С: Егер таза киім табылмай, нәжіс жұққан киімді тазалауға су жоқ болса, қалай
намаз оқиды?
Ж: Нәжіс болса да, сол киіммен намаз оқиды, яғни киімі бола тұра, жалаңаш намаз оқылмайды.
С: Киім мүлдем болмаған жағдайда қалай намаз оқиды?
Ж: Ондай жағдайда отырып, үлкен әуретін қолымен бүркеу арқылы ишара етіп оқу мұстахап, тұрып оқыса да дұрыс болады.
материал «Ғибадат исламия» кітабынан алынды,
ummet.kz