24
Вт,
дек

һижри

Хақиқи құлшылық деген қандай құлшылық?

Хақиқи құлшылық деген қандай құлшылық?

Намаз

Мұсылман-мүмінді жақсылыққа бұйыру және жамандықтан қайтаруды іске асыруға, оның Алланың ұлылығын барынша құрметтеуі, Аллаға қарсылық орнына бағыну керектігі, Оның алғыс айтуға лайық екендігі, Оған қатысты жақсылық орнына көргенсіздік істеуге болмайтыны мәжбүр ету керек.

Мінеки, бұлар оның жүрегіне орнығатын және адамдардың тамырларын қуалап тарайтын қан тәрізді бүкіл тәніне дарып, жан-дүниесін түгелдей қамтып алатын Аллаға деген шын мәніндегі махаббаттың ұлғаюына жеткізеді.

Мұндайда барлық адамдардың туралықты ұстанып, Алла Тағалаға бойсұнудан шықпауын қалайтын, осы үшін барлық құнды мүліктерін құрбан
етуге және өзіне келетін зиян мен жәбір-жапаға төзуге дайын, өзіне жамандық істеген адамдарды кешіруін өтініп, оларды тура жолға салуын сұрай Алла Тағалаға жиі жалбарынатын адам дайын болады. Мұндай дәрежеге аса Құдіретті де Ұлы Аллаға шын ықыласымен құлшылық етуге іштей сынақтардан сүрінбей өткен адам ғана жетеді. Мәселен, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне руластарының көрсеткен зәбіріне, олардың кейбіреулерінің жұмсаған соққысына қарамастан, бетіндегі қанды сүртіп тұрып: «Уа, Алла! Менің руластарымды кешіре гөр, расында, олар білмей жүр», – деген еді. Бұрынғы өткен ғұламалардың бірі: «Мен (сол үшін) тәнімді қайшымен тілгілейтін (болса да) барлық адамдардың Аллаға бойсұнуларын қалар едім», – депті.

Абдуллаһ ибн Омар әкесі Омар ибн Абдул-Азизге: «Алла Тағала үшін сені мен мені қазанда пісіргенін қалар едім», – деген екен. Міне, мұның барлығы адамның өзіне қалағанын басқаға да қалауы оның иманының кемелдігіне айғақ болуымен түсіндіріледі.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Поделиться: